2025 жылғы 31 мамырда «КазРосГаз» ЖШС Жастар комитеті «Oi-Qaragai» тау курорты ұйымдастырған экологиялық сенбілікке қатысты

05 маусым, 2025

Іс-шараның мақсаты — табиғи аумақты қоқыстан тазарту, жаяу жүргіншілер соқпақтарын ретке келтіру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Экоакция көркем тау жоталарында өтіп, табиғи байлықтарды сақтауда әр адамның жеке үлесінің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетті. Сенбілікке қатысу экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етіп, әріптестерді табиғатқа ұқыпты қарауға шабыттандырды.