«Қазақстандық газ – әлемдік нарықтар үшін»
Компанияның миссиясы:
ИСО ХС 9001: 2015 халықаралық стандартының талаптарына қатаң сәйкес құрылған сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) тұрақты жетілдіру, сондай-ақ тұтынушылар мен компания қатысушыларының талаптарын барынша толық қанағаттандыруға ұмтыла отырып, «ҚазРосГаз» ЖШС төмендегілерге міндеттенеді:
1. Тұтынушылармен және жеткізушілермен өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық негізінде тұрақты серіктестік құруға.
2. Тұтынушылардың талаптарына сәйкес сыртқы және ішкі нарықтарда газды және оны қайта өңдеу өнімдерін одан әрі өткізе отырып, өндірістік бағдарламаны тиімді орындау, қайта өңдеу үшін қажетті ресурстық базаны қамтамасыз етуге.
3. Қарашығанақ кен орнының шикі газын өткізу көлемінің өсуін және оны қайта өңдеу өнімдерін өткізу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін өндірістік-логистикалық жүйені құруға және дамытуға.
4. Инвестициялар рентабельділігінің нысаналы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жоспарлау және жобаларды басқару жүйесін жетілдіруге.
5. Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге әрбір жұмыскердің мүдделілігін арттыратын персоналды ынталандыру жүйесін жетілдіру және барлық персоналды СМЖ дамыту процесіне тартуды қамтамасыз етуге;
6. Заңнамалық және нормативтік талаптарды сақтау, сондай-ақ СМЖ тиімділігін үнемі арттыруға.
Бұл ретте негізгі стратегиялық мақсаттар мыналар болып табылады:
Басшылық осы саясаттың Компанияның ішкі шарттары мен оның өзгермелі сыртқы талаптарына сәйкестігі мақсатында оны тұрақты талдау бойынша міндеттемелерді өзіне алады