ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Толық атауы: «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қатысушылар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Газпром» ЖАҚ

Қысқаша тарихы:

2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындау үшін «Газпром» ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ 2002 жылғы 7 маусымда теңдікті қатынастарда «ҚазРосГаз» жабық акционерлік қоғамын құру туралы құжаттарға қол қойды. Кейіннен 2006 жылғы 5 мамырда «ҚазРосГаз» АҚ «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды және 2006 жылғы 5 маусымда Алматы қаласы бойынша Әділет департаментінде тіркелді.

Жарғыға және 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес қызметтің негізгі түрлері мыналар: табиғи газды және оны қайта өңдеу өнімдерін өткізу нарықтарына маркетингтік зерттеулер жүргізу, газ өңдеу зауыттарында газды қайта өңдеу, табиғи газды тасымалдауды қамтамасыз ету, газды ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы табиғи газды жақын және алыс шетел нарықтарына тасымалдаудың бірлескен жобаларын жүзеге асыру кезінде оператордың функцияларын орындау, жаңа газ тасымалдау қуаттарын және қажетті инфрақұрылымды құру, жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу, заңнамаға сәйкес ғылыми-техникалық, өндірістік-шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті, оның ішінде шетелде жүзеге асыру; газ жобаларын дайындау және әзірлеу бойынша консалтингтік және техникалық қызметтерді жүзеге асыру; мұнай және газ кен орындарын барлау, игеру және пайдалану.