Байқаушы кеңес

    • Маркелов Виталий Анатольевич
    • Маркелов Виталий Анатольевич

      «Газпром» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «КазРосГаз» ЖШС Байқаушы кеңесінің Төрағасы

    • Тулегенов Ақбар Мәлікұлы
    • Тулегенов Ақбар Мәлікұлы

      «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, «КазРосГаз» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі

    • Мирманов Жанболат Жантемірұлы
    • Мирманов Жанболат Жантемірұлы

      «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «КазРосГаз» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі

    • Сәтбаев Әл-Фараби Берікұлы
    • Сәтбаев Әл-Фараби Берікұлы

      Құқықтық мәселелер және тәуекелдерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры, «КазРосГаз» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі

    • Хандога Дмитрий <br>Викторович
    • Хандога Дмитрий
      Викторович

      «Газпром» ЖАҚ Департаментінің басшысы, «КазРосГаз» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі

    • Вадим Михайлович Симдякин
    • Вадим Михайлович Симдякин

      «Газпром» ЖАҚ Департаментінің басшысы, «КазРосГаз» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі

Маркелов Виталий Анатольевич

Тулегенов Ақбар Мәлікұлы

Туған жылы және туған өңірі

1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Отбасылық жағдайы

Үйленген

Білімі

Ұлыбританиядағы Warwick Business School, Warwick University of Warwick бітірген. Менеджмент саласындағы ғылым бакалавры, маркетинг және стратегия саласындағы ғылым магистрі, МВА дәрежесін алды.

Ұлыбританияның CWC School of Energy «Мұнай және газ келісімшарттарының келіссөздер процесі» мамандығы бойынша бағдарламадан өтті.

Еңбек өтілі

2008-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақсай қаласындағы Келісім-шарт инженері, Қарашығанақ жобасы;

2010-2013 жылдары – Hinduja Group құрылымдық бөлімшелерінде мұнай-газ секторында бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, инвестициялық талдаушы;

2014-2020 жылдары – Қазақстан Республикасындағы Pietro Fiorentini S.p.A Өңірлік директоры;

2014-2022 жылдары – «Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)» АҚ-ның Мұнай-газ секторында бизнесті дамыту жөніндегі бөлімшенің басшысы, Мұнай-газ секторына инвестициялар жөніндегі бөлімшенің басшысы, Директорлар кеңесінің төрағасы;

2018-2022 жылдары – «Лизинг Групп» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2021-2022 жылдары – «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2022 жылғы сәуірден бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;

2023 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы желтоқсанға «QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия және инвестициялар жөніндегі орынбасары.

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап «QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады. 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Мирманов Жанболат Жантемірұлы

Азаматтық

Қазақстан Республикасы

Еңбек өтілі

Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институтын (КИМЭП) "Қаржы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Атырау Мұнай және газ институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Deloitte, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Теңіз Сервис" ЖШС сияқты жетекші халықаралық және қазақстандық компанияларда қызмет атқарған. QazaqGaz-ға тағайындалғанға дейін "ҚМГ Қарашығанақ" ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Корпоративтік қаржы, жобаларды басқару және мұнай-газ кәсіпорындарын стратегиялық дамыту саласында терең білімі бар.

2025 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейін «QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады

 

Сәтбаев Әл-Фараби Берікұлы

Азаматтық

Қазақстан Республикасы

Білімі

Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Nazarbayev University

Еңбек өтілі

Сәтбаев Әл-Фараби Берікұлының корпоративтік құқық, тәуекелдерді басқару және комплаенс-практика саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

Ол ірі инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеумен, құқықтық тәуекелдерді стратегиялық басқаруменжәне корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, біріктіру және иемдену (M&A) мәмілелерімен, соның ішінде шетелдік қатысумен M&A мәмілелерімен айналысқан. 

Бұған дейін Kazakhstan Investment Development Fund, "Самұрық-Қазына "АҚ қорында және оның портфельдік компанияларында ("ҚазТрансОйл" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ), сондай-ақ"Қазақтелеком" акционерлік қоғамында құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы директор қызметтерін атқарған.

Хандога Дмитрий
Викторович

Вадим Михайлович Симдякин