ГАЗДЫ САТУ

Қайта өңделген құрғақ Қарашығанақ газының негізгі көлемі Қазақстан тұтынушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа басымдықпен жеткізіледі.

Тікелей жеткізілімдер

Ішкі нарыққа жеткізу Қарашығанақ газын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға – «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға тікелей өткізу жолымен жүзеге асырылады.

Қарсы жеткізілімдер

Қарсы жеткізілімдерді қамтамасыз ету тетігіне Қазақстанның ішкі нарығында тұтынылатын импортталатын газды «Александров Гай» ГАЖ-ға сатудың белгіленген бағалары бойынша қайта өңделген Қарашығанақ газының баламалы көлемдерімен алмастыру жолымен қол жеткізіледі. 2007 жылдан бастап қарсы жеткізілімдер схемасы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді тежеуге мүмкіндік береді және Қазақстан халқы үшін тиімді жағдайларда табиғи газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге мүмкіндік береді.