КПО b.v. және «КазРосГаз» ЖШС компаниялары басшыларының кездесуі өтті

11 маусым, 2025

2025 жылғы 11 маусымда Алматы қаласында «ҚазРосГаз» ЖШС мен КПО b.v. компаниялары басшыларының жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қарашығанақ кен орнынан газ өңдеу және жеткізу саласындағы әрі қарайғы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.

КПО делегациясын 2024 жылғы наурыз айында қызметке кіріскен КПО Бас директоры Марко Марсили басқарды.

Кездесу барысында тараптар сенім, тиімділік және өзара тиімділік қағидаларына негізделген стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты тұрақты дамытуға өзара адалдықтарын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қол жеткізілген келісімдерге қанағаттанғандықтарын білдіріп, қолданыстағы келісімдер аясында одан әрі бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін растады.

«Біз КПО серіктестеріміздің компанияларымыз арасындағы стратегиялық және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген тұрақты адалдығын жоғары бағалаймыз. Бұл біздің қатынастарымыздың беріктігі мен перспективасына сенімділік береді», — деп атап өтті Нұрлан Абдрасулов.

Қазіргі уақытта КПО b.v. мен «ҚазРосГаз» ЖШС арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестіктің тұрақтылығымен сипатталып, ұзақ мерзімді келісімдер мен Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және газ жеткізілімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған практикалық механизмдермен бекітілген.