2024 жылғы 26 шілдеде «КазРосГаз» ЖШС командасы «Summer Relay 2025» эстафеталық жүгіру жарысына «Business» категориясында қатысып, өнер көрсетті: бұл корпоративтік командаларға арналған, ерлер мен әйелдерден құралған санат.
«Summer Relay» – әр команданың жалпы қашықтығы 10 км болатын жазғы экиден форматы. Әр спортшы 2 км қашықтықты жүгіреді де, эстафетаны келесі команда мүшесіне береді.
«КазРосГаз» ЖШС командасына Инесса Жүнусбекова, Азат Аубеков, Азамат Жолбарысов, Бауыржан Картжанов және Олжас Азбанбаев енді.
Командалық үйлесім, бірлік пен табандылық біздің жүгірушілерге қашықтықты 47 минут 02 секундта бағындыруға мүмкіндік беріп, өткен жылғы нәтижеден 2 минут 44 секундқа жоғары көрсеткішке жетті. Бұл уақыт Алматы қаласындағы 35 корпоративтік қатысушы арасынан 14-орын әкелді.
Командаға адал еңбегі, жақсы дайындықтары және бірліктері үшін алғыс айтамыз. Мықты денсаулық және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!