Әлібек Жамауов «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

29 тамыз, 2025

Әлібек Жамауов «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Нұрлан Жақупов таныстырды.

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол Сүлейман Демирел атындағы университетті және Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Agip Kazakhstan Caspian Operating компаниясында бастаған, онда кіші кеңесшіден супервайзерге дейінгі қызмет жолынан өткен (2005–2009 жж.).

2009–2015 жылдары ТОО «Жамбыл Петролеум» компаниясында менеджер болып жұмыс істеген, кейін 2015–2019 жылдары атқарушы директор қызметін атқарған.

2019–2023 жылдары ТОО «PSA» компаниясында жұмыс істеп, алдымен техникалық топты басқарған, кейін Генеральдық директордың орынбасары лауазымына көтерілген.

2023 жылдан бастап Әлібек Жамауов Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі қызметін атқарған.