2025 жылғы 2–3 қыркүйек аралығында «КазРосГаз» ЖШС қызметкерлері Қазақстан делегациясының құрамында Орынбор газ өңдеу зауытының реконструкциясы және газды өңдеуге арналған ұзақ мерзімді келісімшартты талқылау жөніндегі отырысына қатысты. Отырысты Қазақстан делегациясының басшылары — «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов және «КазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлан Абдрасулов өткізді. Жиынға «Газпром» АҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, ТОО «PSA», ТОО «КМГ Инжиниринг», ТОО «КМГ Карачаганак», ТОО «GPC Investment» өкілдері болды.
Сапар барысында Қазақстан делегациясы Орынбор газ өңдеу зауытын реконструкциялау жобасын өндірістік объектілерге барып, егжей-тегжейлі қарады, Қарашығанақ НГКМ газын өңдеу саласындағы болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады және XVIII мамандандырылған «Газ. Мұнай. Орынбор» көрме-форумына қатысты.
XVIII мамандандырылған «Газ. Мұнай. Орынбор» көрме-форумының аясында Қазақстан делегациясы Орынбор облысының уақытша міндетін атқарушы губернаторы Е.А. Солнцевпен және «Т Плюс» АҚ Орынбор филиалына қарасты Қарғалы ТЭЦ басшыларымен іскерлік кездесу өткізді.
Кездесу барысында Орынбор газ өңдеу зауытының өңдеу қуаттарының тұрақты жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Орынбор облысы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты қатынастардың дамуы перспективалары, Орынбор газ өңдеу зауытын модернизациялау жобасы аясында талқыланды.