Бақылау кеңесі «КазРосГаз» ЖШС-нің қызметін оң бағалады

03 ақпан, 2026

2026 жылғы 30 қаңтарда Алматы қаласында «КазРосГаз» ЖШС Бақылау кеңесінің «Газпром» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен күндізгі отырысы өтті.

Отырыс барысында бірқатар негізгі мәселелер қаралды, оның ішінде «КазРосГаз» ЖШС-нің 2025 жылға арналған қаржылық-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындылары және компанияның 2026 жылға арналған жоспарлары талқыланды. Бақылау кеңесінің мүшелері өндірістік мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы қызмет туралы ақпаратты тыңдады.

Бақылау кеңесінің төрағасы мен мүшелері «КазРосГаз» ЖШС-нің қызметін оң бағалап, оның Қатысушылар айқындаған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.