2026 жылғы 4 ақпанда жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы ішкі коммуникациялар жүйесін дамыту аясында «КазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасының (Бас директорының) 2025 жылғы қызмет қорытындылары бойынша серіктестік қызметкерлерімен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында ұжым назарына есептік кезеңдегі серіктестіктің өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары жетекшілік ететін бағыттар бойынша баяндама жасап, негізгі көрсеткіштердің өсу динамикасына талдау, қол жеткізілген нәтижелер және қызмет тиімділігіне әсер еткен негізгі факторларды таныстырды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған басым міндеттер мен жұмыстың стратегиялық бағыттары айқындалды.
Кездесу соңында Басқарма төрағасы (Бас директоры) Абдрасулов Н.К. «КазРосГаз» ЖШС қызметкерлеріне кәсібилігі, үйлесімді жұмысы және нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы міндеттерді іске асыруда ұжымға табыс тіледі.