«ҚазРосГаз» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі Референдумға қызметкерлердің қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

27 ақпан, 2026

2026 жылғы 26 ақпанда «ҚазРосГаз» ЖШС-де ағымдағы жылдың 15 наурызына белгіленген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі Референдум мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шара барысында Қоғам қызметкерлеріне бастаманың негізгі ережелері, референдумды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, сондай-ақ оның мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін маңызы туралы ақпарат ұсынылды. Құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу іскерлік әрі сындарлы форматта өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндірмелер алып, пікір алмасты.

Іс-шара қорытындысы бойынша ұжымда жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Қоғам қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясын жаңа редакцияда қабылдау бастамасын қолдайтындықтарын білдіріп, оның елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті нығайтудағы рөлін атап өтті.