«ҚАЗРОСГАЗ» ЖШС-ТЕ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

24 ақпан, 2023

Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің қағидаларын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 24 ақпанда «ҚазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасының (Бас директордың) жұмыскерлермен есептік кездесуі өтті.

Кездесу аясында Компанияның 2022 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды. Бас директордың жетекшілік ететін бағыттар бойынша орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары баяндама жасады.

Жиналыс барысында Компанияның 2023 жылға арналған міндеттерін іске асыру үшін қажетті шаралар бойынша тапсырмалар берілді.