«КазРосГаз» ЖШС мен KPO b.v. ағымдағы ынтымақтастық жағдайын талқылап, жұмыс кездесуін өткізді

21 ақпан, 2025

2025 жылғы 20 ақпанда «КазРосГаз» ЖШС кеңсесінде Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) басшылығы мен KPO консорциумы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу «КазРосГаз» ЖШС Бас директоры Н.К. Абдрасуловтың төрағалығымен өтіп, екі компания арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Қарашығанақ газын өткізу перспективалары, сондай-ақ Каспий Құбыр Консорциумына (КҚК) байланысты қазіргі сын-қатерлердің KPO компаниясының шикі газды Орынбор газ өңдеу зауытына жеткізу жоспарларына ықпалы болды. Кездесу барысында техникалық және логистикалық мәселелермен қатар, жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған процестерді оңтайландырудың ықтимал жолдарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, компаниялар арасындағы үйлестіруді одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты қадамдар талқыланып, бұл серіктестік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Тараптар бірлескен қызмет шеңберіндегі келесі қадамдарды жан-жақты пысықтау мақсатында диалогты жалғастыруға және қосымша кездесулер өткізуге келісті.

Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты күш-жігер серіктестік қатынастардың тұрақты әрі нәтижелі дамуына алып келетініне ортақ сенім білдірді. «КазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы Н.К. Абдрасулов серіктестерге кәсібилігі мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдірді.