«КазРосГаз» ЖШС қызметкерлері «QazaqGaz» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ Қысқы спартакиадасына қатысты

25 ақпан, 2025

2025 жылғы 20–22 ақпан аралығында «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы арасында «Қысқы спартакиада–2025», сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында І Қысқы спартакиада өтті.

Спорттық іс-шараға қатысып, жүлделі орындарға ие болған «КазРосГаз» ЖШС-нің келесі қызметкерлері:

Безрукова Ю.С. – тоғызқұмалақ, 1-орын;

Букаев А.К. – стритбол, 2-орын;

Нурахмет А.М. – стритбол, 2-орын;

Асымқызы А. – конькимен жүгіру спорты, 4-орын;

Картжанов Б.Б. – футбол, 4-орын;

Турманов М.М. – шахмат, 6-орын;

Ізмұханбет С.Р. – тоғызқұмалақ, 6-орын.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында өткен Бірінші қысқы спартакиадаға Картжанов Б.Б. қатысты. Портфельдік компаниялар қызметкерлері арасындағы (40 жасқа дейінгі санат) шаңғы жарысында ол жоғары нәтиже көрсетіп, өз жас санатында 130 қатысушының ішінен жалпы есепте ТОП-20 қатарына енді.

Бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды, алайда біздің спортшылар нағыз жігерлі қатысушылар екенін дәлелдеді. Әрбір қатысушы табандылық, мақсаткерлік және командалық бірлікті танытып, өзін ең жақсы қырынан көрсетті. Барлық қатысушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!

Алға, жаңа жеңістерге!