«КазРосГаз» ЖШС-де 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша еңбек ұжымымен кездесу өткізілді

27 ақпан, 2025

2025 жылғы 25 ақпанда жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ішкі коммуникациялар жүйесін іске асыру шеңберінде «КазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасының (Бас директорының) «КазРосГаз» ЖШС қызметкерлерімен 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында ұжым назарына есептік кезеңдегі Товариществоның өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижелері ұсынылды. Баяндамалар жетекшілік ететін бағыттары бойынша басшылар тарапынан жасалды. Көрсеткіштердің өсу динамикасына талдау ұсынылып, қол жеткізілген жетістіктер мен нәтижелерге әсер еткен негізгі факторлар таныстырылды. Тыңдалым қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.

Кездесу соңында Басқарма төрағасы (Бас директоры) Н.К. Абдрасулов «КазРосГаз» ЖШС қызметкерлеріне сындарлы әрі кәсіби еңбегі үшін алғыс білдіріп, Товарищество алдында қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.