2025 жылғы 23 мамырда Санкт-Петербург қаласында «Газпром» ЖАҚ пен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бірлескен үйлестіру кеңесінің (БҮК) отырысы өтті.
Алғашқы бірлескен отырыс «Газпром» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Виталий Анатольевич Маркелов пен Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жұмабекұлы Жамауовтың төрағалығымен өтті. Отырысқа «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының, «КазРосГаз» ЖШС-нің басшылары, сондай-ақ «Газпром» ЖАҚ-тың бейінді құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Отырысты аша отырып, тараптар энергетика саласындағы тұрақты әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады.
Отырыс барысында келесі мәселелер талқыланды:
Қазақстан Республикасы аумағы арқылы газ тасымалдау саласындағы ынтымақтастық перспективалары;
ғылыми-техникалық ынтымақтастық;
«Газпром» тобының оқу және өндірістік орталықтарында қазақстандық персоналды даярлау және біліктілігін арттыру;
газды жерасты сақтау;
газды мотор отыны ретінде пайдалану;
қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігін арттыру.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, келісілген бастамаларды іске асыру және газ саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.