Соңғы уақытта «ҚазРосГаз» ЖШС атауы мен айырым белгілерін заңсыз пайдалану арқылы алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті. Қаскөйлер төмендегідей тәсілдерді қолдануда:
-
жалған электрондық мекенжайды пайдалану – KRG@KAZROSGAS.COM (ресми мекенжай: KRG@KAZROSGAS.KZ);
-
корпоративтік сайтта және басқа да ашық ресурстарда жарияланған айырым белгілерді, фотосуреттерді және басқа материалдарды қолдану;
-
компания қызметкерлерінің атына жасалған жалған құжаттарды тарату.
@KAZROSGAS.COM доменінен фишингтік хаттар таратылып, оларда «ҚазРосГаз» ЖШС-не қатысы жоқ ақпарат пен жалған қызметтерге алдын ала төлем жасау ұсынылады.
Төменде серіктестігіміздің ресми атауы мен деректемелеріне назар аударыңыз:
-
Толық атауы: «ҚазРосГаз» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
-
Қысқаша атауы: «ҚазРосГаз» ЖШС;
-
Ресми электрондық мекенжай: KRG@KAZROSGAS.KZ;
-
Ресми веб-сайт: KAZROSGAS.KZ.
Ұсынымдар:
Тексерілмеген дереккөздерден алынған ақпаратқа сақтықпен қарауыңызды сұраймыз. Электрондық хат алмасуда доменнің дұрыстығын және ресми деректемелердің сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз.
Егер «ҚазРосГаз» ЖШС атауы немесе айырым белгілері заңсыз пайдаланылғанын байқасаңыз, төмендегі байланыстар арқылы дереу хабарласыңыз.
«ҚазРосГаз» ЖШС ресми байланыстары:
Телефондар: +7 (727) 258-29-27, +7 (727) 258-29-77
Электрондық пошта: KRG@KAZROSGAS.KZ