ОРЫНБОР ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

22 қараша, 2020

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі теңгерімді негізде Ресей Федерациясының газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің бөлігі болып табылатын Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құруға жәрдемдеседі.

Бірлескен кәсіпорын Қарашығанақ кен орнында өндірілген шикі газды жылына кемінде 15 млрд. текше м. көлемінде бірлескен кәсіпорынның қуаттарында сатып алуды және қайта өңдеуді және Қазақстан Республикасының нарығында Қарашығанақ кен орнының бірлескен кәсіпорны қайта өңдеген тауарлық газды сатуды және оны «Газпром» ЖАҚ бірыңғай экспорттық арнасы арқылы экспорттауды көздейтін ұзақ мерзімді коммерциялық келісімшарттар жасалған жағдайда құрылады.